Бүгін мектебімізде ерекше әрі жүрекке толы сәттердің бірі — Соңғы қоңырау мерекесі өтті! Салтанатты шара барысында оқу озаттары мектеп директорының мақтау грамоталарымен марапатталды Сонымен қатар, жыл сайынғы дәстүрімізге сай мектеп өміріне белсене араласқан оқушыларымыз түрлі номинациялар бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды 9 және 11-сынып түлектері ұстаздарына шынайы алғыстарын білдіріп, қимастықпен қоштасты Ал ұстаздарымыз шәкірттеріне ақ жол тілеп, үлкен өмірге сеніммен қадам басуына тілектестік білдірді
Құрметті түлектер, алдағы өмір жолдарыңыз жарқын, армандарыңыз биік болсын! Мектебіміздің мақтанышы болып, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер!