Біздің мектептің бастауыш сынып оқушылары «Chamberlane» ат клубында болып қайтты. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген 22 түрлі жылқы тұқымын тамашалады — араб, исланд және америкалық асыл тұқымды жылқылар. Сонымен қатар балалар сүйкімді понии мен Али Бабаевич есімді түйемен танысты. Әр жылқының өз есімі мен мінезі бар — Наоми, Джони, Сұлтан және тағы басқалары. Гид әр жануардың тарихын қызықты етіп әңгімелеп берді, оны тыңдау бір ғанибет болды. Балалар жылқыларды сипап, жем беріп, тіпті олармен «сөйлесті» —
жылқылар балалардың сөзін түсініп, бас изеп жауап бергендей болды. Күннің соңында балалар жылқылардың әсем көрсетілімін тамашалады.
Бұл күн балалар мен мұғалімдер үшін ұмытылмас әсер қалдырды
жылқылар балалардың сөзін түсініп, бас изеп жауап бергендей болды. Күннің соңында балалар жылқылардың әсем көрсетілімін тамашалады.
Бұл күн балалар мен мұғалімдер үшін ұмытылмас әсер қалдырды