Мектеп өмірі

Жер бетінде өмірдің пайда болуы туралы гипотезалар

6 «А» сыныбында өткен жаратылыстану сабағында оқушылар нағыз ғалымдарға айналды!

Әрқайсысы өмірдің пайда болуы туралы гипотезалардың бірін – креационизм, өздігінен пайда болу, стационарлық және биохимиялық теорияны таныстырды.

Оқушылар тек теорияны айтып қана қоймай, өз нұсқаларын дәлелдейтін шағын тәжірибелер де көрсетті.

Сабақ соңында әркім өз пікірін білдірді: бірі әлемді Жаратушы жаратты десе, енді бірі өмір ұзақ эволюция нәтижесінде пайда болды деп санады.
2025-10-15 23:22