Бастауыш сыныптарда маңызды мерекелерге арналған сынып сағаттары өтті.
Оқушыларымыз Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай патриоттық бағыттағы түрлі іс-шараларға белсене қатысты.
Сынып сағаттары барысында интеллектуалдық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар сурет салып, өз ойларын шығармашылық арқылы жеткізді. Сонымен қатар, пазлдар құрастырып, логикалық қабілеттерін дамытты. Балалар Ұлы Отан соғысының батырларын еске алып, олардың ерліктеріне тағзым етті.
Аталған іс-шаралар оқушылардың тарихқа деген құрметін арттырып, елін сүюге, отансүйгіштік рухты бойына сіңіруге үлкен әсер етті.