Мектеп өмірі

Қазақ күйі Дубай төрінде!

Біз өзіміздің талантты оқушыларымызбен мақтанамыз!

Оқушыларымыз Grand Festival Dubai байқауынан жеңіспен оралды!

8 «Ә» сынып оқушысы — Кожаханова Алия домбырашылар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп, ГРАН-ПРИ иегері атанды!

Ұлттық өнердің күші, күйдің рухы, домбыраның үні — Дубай төрінде шарықтады!

7 «Ә» сынып оқушысы — Кожаханов Абильмансур жеке орындау номинациясында I орынды жеңіп алды!

Ол Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін домбырада тамаша орындап, көрермендерді тәнті етті

Талантты, еңбекқор және өнерлі шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер — біздің мақтанышымыз, еліміздің үміті, қазақ өнерінің жарқын болашағы!

Жарайсыңдар, Маќсат мектебінің жұлдыздары!