Мектеп өмірі
Қазақ күйі Дубай төрінде!
Біз өзіміздің талантты оқушыларымызбен мақтанамыз!
Оқушыларымыз
Grand Festival Dubai
байқауынан жеңіспен оралды!
8 «Ә» сынып оқушысы — Кожаханова Алия
домбырашылар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп,
ГРАН-ПРИ
иегері атанды!
Ұлттық өнердің күші, күйдің рухы, домбыраның үні — Дубай төрінде шарықтады!
7 «Ә» сынып оқушысы — Кожаханов Абильмансур
жеке орындау номинациясында
I орынды жеңіп алды!
Ол Құрманғазының әйгілі
«Балбырауын»
күйін домбырада тамаша орындап, көрермендерді тәнті етті
Талантты, еңбекқор және өнерлі шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер — біздің мақтанышымыз, еліміздің үміті, қазақ өнерінің жарқын болашағы!
Жарайсыңдар, Маќсат мектебінің жұлдыздары!
2025-12-04 23:15