Оқушыларымыз робототехника негіздерін белсенді меңгеріп, әр сабақ сайын өз білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіріп келеді.
Сабақ барысында оқушылар құрастыру және бағдарламалау негіздерімен танысып, түрлі модельдер құрастырып, оларды басқаруды үйренеді. Практикалық жұмыстар арқылы логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін, зейінін, техникалық дағдыларын дамытып, түрлі тапсырмалардың шешімін табуға дағдыланады.
Робототехника оқушыларға жаңа білім алумен қатар, оны тәжірибе жүзінде қолдануға, өз идеяларын жүзеге асыруға, тәжірибе жасап, түрлі жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқушыларымыздың заманауи технологияларға деген қызығушылығы артып, алғашқы идеялары біртіндеп қызықты әрі жұмыс істейтін жобаларға айналып келе жатқаны бізді қуантады.