Школа-лицей «MAQSAT»

Алматы қаласындағы
IT бағыттағы
мектеп-лицей

Балаға алдына мақсат қоя білуді және жеңіске жетуді үйретеміз!

MAQSAT — пен бірге мақсатқа ұмтыл! Мақсат бар жерде жетістік бар!

Мақсатсыз адам арманына жете алмайды. Мақсат айқын болса, армандар орындалады! Өз алдына мақсат қоя білу- табысқа жетудің кілті.

«MAQSAT» мектеп-лицейі- мақсатқа жетудің алғашқы баспалдағы.

Біз сіздің балаңызды алдына мақсат қоя білуге үйретеміз. Мақсатқа ұмтылу балаға өзінің өмірінен не қалайтынын түсінуге көмектеседі.

Біздің мектепте сіздің балаңыз мақсатқа жетуге ынталы болады, оқу процесінен рахат алады, сәтсіздіктерді талдап, алғашқы жеңістерді тойлауды үйренеді, бір сөзбен  айтқанда оның мақсаты өмірлік құндылықтарымен үйлескенге дейін ресурстық жағдайда болады .

Мектеп-лицейге шақырамыз!

2024-2025 оқу жылына 0-11 сыныптарға оқушылар қабылдаймыз! Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі:

 

Сұрау қалдыру

«MAQSAT» мектеп-лицейінде білім алудың артықшылықтары

Оқытудың негізі

физика-математикалық IT бағыт, ағылшын тілі тереңдетілген 

IT сабақтар мен Робототехника

1-сыныптан бастап робототехника негіздерімен танысады. Бағдарламалау сабақтары

3-мезгіл тамақтану, тасымалдау

оқушылар 3-мезгіл тамақпен, тасымалдаумен қамтылған

Уйірмелер мен секциялар

шахмат, хореография, тхэквандо, вокал, домбыра

Мектеп-лицейдің жұмыс істеу принципі

білім сапасының нәтижелі болуы, әрбір оқушыға жеке көңіл бөлу

Кәсібіи білікті ұстаздар

ең таңдаулы, кәсіби  ұстаздар дәріс береді

Оқушылар саны әр сыныпта

15-18 баладан аспайды

Күзет қызметі

Оқушылардың  қауіпсіздігі қамтамасыз етілген

Мектеп инфрақұрылымы

«MAQSAT» мектеп-лицейі

IT  бағыттағы «MAQSAT» мектеп-лицейі - жалпы білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік аккредитациядан өткен лицензияланған жекеменшік білім мекемесі.

 IT  бағыттағы«MAQSAT» мектеп-лицейі ата-аналарды өз балаларын біздің білім ордасында оқытуға шақырады! Біздің мектеп-лицейде Сіздің балаңыз сапалы заманауи білім алады, сондай-ақ өздерінің зияткерлік, шығармашылық және спортқа деген қабілеттерін толықтай ашуларына мүмкіндіктер мол.

Отандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын қолдана отырып, әрбір балаға жеке көңіл бөлу оқушы қабілетін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.

«MAQSAT» мектеп-лицейі - бұл оқытудың жаңа форматы, негізінен коммуникацияны дамытуға, баланың шығармашылық қабілетін ашуға, білімді, келешегі мол, мақсаты биік тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту үдерісі жаратылыстану-техникалық және шығармашылық бағыт арасында таңдау қабілетін анықтау мақсатында мұқият талдау жасауға бағытталған.

Оқушыларға физика, математика пәндерін және бағдарламалау негіздерін тереңдетіп оқытады.  

Тәжірибелі педагогтар оқушының бойындағы жасырын таланттарды табу және олардың дамуына мүмкіндік беру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды

Әр сыныптағы бала санының 20 баладан аспауы ұстаздардың әрбір балаға жеке көңіл бөлуіне толықтай мүмкіндік береді.

    

Ізгі ниетпен,

Гүлгина Әбдрахманқызы Ажибаева,

«MAQSAT» мектеп-лицейінің құрылтайшысы

Мектеп жайында бейнежазба

Жаңалықтар

  • Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай сайыстар мен интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды.

  • 4 «Б» сынып оқушысы Ахмет Көбегенұлы математика пәнінен Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық турында 3 орынды иеленіп, өзінің зеректігі мен еңбекқорлығын көрсетті!

  • 4 «Б» сыныбынан Неволин Эрнест пен Нещеретов Святослав шахматтан 4-ші спорттық разрядтың иегерлері атанды!

  • Ұзақ жылдық тәжірибесі мен өз пәніне деген сарқылмас сүйіспеншілігімен Шарипа Болаханқызы Күнпияева физика заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, шәкірттерін жоғары нәтижеге жетуге баулиды.

  • 3 «А» сынып оқушысы Саид Диасұлын футзалдан республикалық жарыста лайықты 2 орын алуымен құттықтаймыз!

  • Биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1 "Ә" сыныбының оқушылары 1-тоқсанды сәтті аяқтады! Айзат Асанқызының математика сабағында балалар ерекше тәсілмен білім алуда

  • Біздің 3 және 4 сынып оқушылары Мемлекеттік Орталық мұражайға қызықты саяхат жасады!

  • Біздің мектепте робототехника сабағы ерекше өтеді! Жас та дарынды ұстазымыз Ернұр Наметіллә, өзінің жаңашыл әдістерімен балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруда.

  • Біздің мақтанышымыз, 5 "А" сынып оқушысы Нуратдинова Сафина, кезекті жеңісімен қуантты!

  • Бүгін бастауыш сынып оқушылары арасында керемет Күзгі бал өтті! Белсенді қатысушылар мектеп ұжымынан арнайы сыйлықтар алып, қуанышқа бөленді.