Нет записей для отображения в этом виде.
"MAQSAT" мектеп-лицейінің түлегі Райымбек Талғат ҰБТ-да 102 балл жинады. Біздің педагогтардың шәкірттеріне жұмсаған күш-жігерлері мен еңбектері бекер болған жоқ.
Жазғы демалыс кезінде "MAQSAT" мектеп-лицейінде шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді: вокал, фортепиано, баянда ойнау және көркем сөз
Бүгін "MAQSAT" мектеп – лицейінің оқушылары үшін ең әсерлі және ұмытылмас мереке – Соңғы қоңырау соғылды, бұл оқу жылын 260 оқушы сәтті аяқтады
Биыл бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары! Танысыңыздар, "MAQSAT мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айзат Берікқызы Асанова мектебіміздің тәжірибелі ұстаздарының бірі. Үнемі оқытудың қызықты әрі тиімді әдістерін қолданып жүретін жаңашыл ұстаз.
"MAQSAT" мектеп-лицейінде жас мамандармен жұмыс жасауда оң тәжірибе жинақталған. Біздің ұжымда жас оқытушы әкімшіліктің, тәжірибелі тәлімгерлердің, әріптес мұғалімдердің үнемі қолдауын сезінеді. Дәл осындай командада нағыз мұғалім қалыптаса алады.Мектебіміздің талантты ұстаздарының бірі САЛИЯ Азатқызы ҚИЮБАЕВА
Жанна Ивановна Витказова, "MAQSAT" мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Биыл ол өз оқушыларын бастауыш мектептен жоғары сыныпқа шығарып салып, бірінші сынып оқушыларын қарсы алады. Биылғы жылы балаларын бірінші сыныпқа беретін ата-аналар балаларын осындай тәжірибелі және талантты мұғалімнің қолына тапсырса, өкінбейді
Біздің олимпиадашылар математика, Қазақстан тарихы, ағылшын және қазақ тілі пәндері бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және келесі кезеңде одан да жақсы биіктерді бағындыруларына тілектеспіз!
"MAQSAT" мектеп-лицейінің оқушылары ұстаздары мен аналарын мерекелерімен құттықтады. Балалар оған алдын – ала дайындалды, аналарының суреттерін салды, аналарға арналған әндер мен өлеңдерді үйренді.