"Сандар сырына саяхат" атты сайыс-сабағы

01 февраль, 2022

"MAQSAT" мектеп-лицейінде "Қызықты математика әлемі" апталығы басталды. Математика пәнінің мұғалімі Тоқтаркүл Ахметқалиқызы Қарабалаева 5-11 сынып оқушылары арасында "Сандар сырына саяхат" атты сайыс-сабақ өткізді. Сайыстың мақсаты - оқушылардың математика сабағында алған білімдерін жинақтап, қортындылау. Сайыста оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, есеп шығарудан жарысты. Сабақ соңында ұстаз өте белсенділік танытқан оқушыларды мектеп әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ математика пәніне қажетті оқу құралдарын сыйлық ретінде табыстады.