Мақсатсыз адам арманына жете алмайды. Мақсат айқын болса, армандар орындалады! Өз алдына мақсат қоя білу- табысқа жетудің кілті.
«MAQSAT» мектеп-лицейі- мақсатқа жетудің алғашқы баспалдағы.
Біз сіздің балаңызды алдына мақсат қоя білуге үйретеміз. Мақсатқа ұмтылу балаға өзінің өмірінен не қалайтынын түсінуге көмектеседі.
Біздің мектепте сіздің балаңыз мақсатқа жетуге ынталы болады, оқу процесінен рахат алады, сәтсіздіктерді талдап, алғашқы жеңістерді тойлауды үйренеді, бір сөзбен айтқанда оның мақсаты өмірлік құндылықтарымен үйлескенге дейін ресурстық жағдайда болады .
2020-2021 оқу жылына 0-11 сыныптарға оқушылар қабылдаймыз! Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі:
физика-математикалық бағытта жүргізіледі, ағылшын тілін шетелдік мамандар тереңдетіп оқытады
AutoCAD, Mathcad, CorelDRAW, Adobe Photoshop, Autodesk 3D Max
оқушылар тележүргізуші, режиссер, оператор, мамандықтарына үйренеді
бейнелеу өнері, кескіндеме, спорт секциялары
білім сапасының нәтижелі болуы, әрбір оқушыға жеке көңіл бөлу
ең таңдаулы, кәсіби ұстаздар дәріс береді
15-18 баладан аспайды
Оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген
«MAQSAT» мектеп-лицейі - жалпы білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік аккредитациядан өткен лицензияланған жекеменшік білім мекемесі.
«MAQSAT» мектеп-лицейі ата-аналарды өз балаларын біздің білім ордасында оқытуға шақырады! Біздің мектеп-лицейде Сіздің балаңыз сапалы заманауи білім алады, сондай-ақ өздерінің зияткерлік, шығармашылық және спортқа деген қабілеттерін толықтай ашуларына мүмкіндіктер мол.
Отандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын қолдана отырып, әрбір балаға жеке көңіл бөлу оқушы қабілетін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.
«MAQSAT» мектеп-лицейі - бұл оқытудың жаңа форматы, негізінен коммуникацияны дамытуға, баланың шығармашылық қабілетін ашуға, білімді, келешегі мол, мақсаты биік тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту үдерісі жаратылыстану-техникалық және шығармашылық бағыт арасында таңдау қабілетін анықтау мақсатында мұқият талдау жасауға бағытталған.
Жаратылыстану-техникалық бағыт оқушыларға физика, математика пәндерін тереңдетіп оқытуды және AutoCAD, Mathcad, Autodesk өзге де әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды енгізуді көздейді.
Шығармашылық бағыт оқушыларға өнер тарихын, сурет, кескіндеме, CorelDRAW, Adobe Photoshop, 3D Max сияқты қолданбалы бағдарламаларды зерттеуге үлкен мүмкіндіктер береді
Тәжірибелі педагогтар оқушының бойындағы жасырын таланттарды табу және олардың дамуына мүмкіндік беру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды
Әр сыныптағы бала санының 15-16 баладан аспауы ұстаздардың әрбір балаға жеке көңіл бөлуіне толықтай мүмкіндік береді.
Ізгі ниетпен,
Гүлгина Әбдрахманқызы Ажибаева,
«MAQSAT» мектеп-лицейінің құрылтайшысы