Біз туралы

Алматы қаласындағы ең таңдаулы жекеменшік  IT бағыттағы  мектеп-лицей.

  IT бағыттағы  «MAQSAT» мектеп-лицейі - жалпы білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік аккредитациядан өткен лицензияланған жекеменшік білім мекемесі.

       

  

   IT бағыттағы «MAQSAT» мектеп-лицейі заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жарақталған. Білім ордасы еліміздегі ең үздік, жоғары сапалы білім беретін таңдаулы мектептердің қатарына жатады.

 «MAQSAT» мектеп-лицейінің негізгі бағыты - физика, математика пәндері. Ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. Отандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын қолдана отырып, әрбір балаға жеке көңіл бөлу оқушы қабілетін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.

  

"MAQSAT" жекеменшік мектеп-лицейінің мақтанышы - мықты педагогикалық ұжым. Мектепте Қазақстандағы ең таңдайлы, оқытудың үздік әдістемелерін меңгерген жоғары білікті педагогтар, оның ішінде – зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының жеңімпаздары, "Жыл мұғалімі" конкурсының лауреаттары, ҚР білім берудің үздіктері білім береді. Әр сыныптағы бала санының 15-16 баладан аспауы ұстаздардың әрбір балаға жеке көңіл бөлуіне толықтай мүмкіндік береді.

Мектеп-лицейдің негізгі жұмыс істеу принципі - білім сапасының нәтижелі болуына бағытталған, әрбір тәрбиеленушіге, оқушыға жеке көңіл бөлу.

  

Мектептің мақсаты мен міндеттері

«MAQSAT» мектеп-лицейінің басты мақсаты –  оқушыларға физика-математикалық және гуманитарлық бағытта терең білім беру. Оқу үрдісін әлем деңгейіне жеткізу және оқушылардың жан-жақты білім алуы мен тәрбиеленуіне қажетті жағдайлар жасау.

Мектеп-лицей қызметінің негізгі бағыттары:

  • Оқушылардың білімге  және оқыту формаларына қызығушылықтарын арттыру;
  • Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
  • Оқушыларды мемлекеттік стандарттарға сай жоғарғы сапалы білім берумен қамтамасыз ету және алған білімдерін өмірде жүзеге асыра білуге үйрету;
  • Оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау, шығармашылық пен танымдарын дамыту;
  • Өзін-өзі бағалай білуге. алған білімін өмірде тиімді қолдана білуге үйрету;
  • Оқушылардың білімдерін  жүйелі түрде тексеруден өткізіп отыру,  жаңа форматтағы ҰБТ тапсыруға, жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау.