5-6 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздіктің 30-жылдық мерекесіне арналған дебат өтті

15 декабрь, 2021

"MAQSAT" мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұлдана Нұрланова ел тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында дебат өткізді. Оқушылар ел тарихы жайлы түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, шешендіктері жағынан сайысты. Болашақта Қазақстанды қалай көргілері келетіндіктен жайлы салып келген суреттері бойынша әңгімеледі. Барлық оқушылар өздерінің ұшқыр ойлы екендіктерін көрсете білді.