"Рюкзаксыз күн"

09 сентябрь, 2022

Жұма күні  "MAQSAT" мектеп-лицейінде "Рюкзаксыз күн" деп жарияланды. Оқушылар кітап-дәптерлерін рюкзакқа емес, кез-келген ерекше затқа салып әкелу керек болды.Оқушылардың қиялы әрине шексіз! Бұл күні  оқушылар оқу құралдарын неге салып әкелмеді десеңізші?! Аяқ киім қораптары, контейнерлер, үй жануарларын таситын қорапшалар мен жастықтардың қаптары т.б.  "Рюкзаксыз күн" қызыққа толып болып қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың шығармашылықтарын дамытып, бір сәт өздерін керемет көңіл-күйге бөледі.