Денсаулық күні

21 октябрь, 2022

Жыл сайын дәстүр бойынша, "MAQSAT" мектеп-лицейінде "Денсаулық күні" өтеді. Бұл -  белсенді және салауатты өмір салтына арналған оқудан бос күн. Мектеп оқушылары бұл күнді  асыға күтеді. Денсаулық күні қызықты спорттық жарыстарға қатысып,  табиғат аясында серуендейді және демалады. Сынып жетекшілері мен ата-аналарға денсаулық күнін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс айтамыз!