Аюсай шатқалындағы Денсаулық күні

03 апрель, 2026


Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары Денсаулық күнін табиғаты көркем Аюсай шатқалында өткізді. Бұл іс-шара оқушылар үшін белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын насихаттаудың тамаша үлгісі болды.

Күн барысында оқушылар таза тау ауасымен тыныстап, сарқырамаға жаяу көтерілді, түрлі белсенді ойындарға қатысып, баллонмен сырғанап, табиғат аясында пикник ұйымдастырды.

Осындай шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартып, командалық рухын арттырады және мектеп өмірін жарқын естеліктерге толтырады.

Біз үшін оқу мен белсенді демалысты ұштастыру – оқушылардың жан-жақты дамуының маңызды бөлігі.