Білім күні -2023

03 сентябрь, 2023

Дәстүр бойынша, 1 қыркүйекте біздің мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жазғы демалыстарын қызықты өткізген оқушылар мектеп ауласына қайта жиналды. Олар сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті мұғалімдерімен қайта кездесті. Мектептің негізін қалаушы Ажибаева Гүлгина Абдрахманқызы және мектеп директоры Мырзакасымова Жанна Байғалиқызы мектеп оқушылары мен ұстаздарын жаңа оқу жылымен құттықтады.  Білім күні сынып сағаттарымен, экскурсиялармен жалғасты.