"Зарница" әскери-спорттық ойыны

05 май, 2023

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "MAQSAT" мектеп-лицейінің бастауыш сыныптары арасында "Зарница" әскери-спорттық ойыны өтті. Ойынға 3-4 сынып оқушыларынан құрылған "Бүркіт" және "Барыс" командалары қатысты. Ойын "Кедергілерден өту", "Мергендер", "Санитарлар", "Барлаушылар", "Сапёрлар", "Эрудит" деп аталатын кезеңдерден тұрды. Оқушылар әр кезеңдегі тапсырмаларды орындап, өздерінің ептіліктерін, қырағылықтарын, тапқырлықтарын көрсете білді. Ойын қортындысы бойынша "Бүркіт" командасы жеңіске жетті.