Бастауыш сынып оқушыларының жетістігі

12 декабрь, 2025

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары Халықаралық «Пони» және республикалық «Ақбота» онлайн зияткерлік олимпиадаларына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Білім додасында жас қатысушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін дәлелдеп, I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Бұл жетістік — оқушылардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздарымыздың кәсіби әрі сапалы дайындығының айқын көрінісі.Жас зияткерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.