13 сентябрь, 2021
Дене шынықтыру-бұл допты аяғымен дәл соғу немесе жылдам жүгіру ғана емес, бұл күш пен қуат, балалардың көңіл – күйі, бұл баланың денсаулығы, мен тамақтанудың дұрыс режимі, ұтымды демалыс. Дене шынықтыру-біздің денсаулығымыздың басты кепілі. Сабақтарда балаларға икемділігін, ептілігін дамытуға көмектесу керек. Біздің мектепте дене тәрбиесі мұғалімі Білім Қалқабаев арнайы жоғары білімі бар тәжірибелі ұстаз. Денешынықтыру - бұл денсаулықтың бірден бір кепілі. Қазіргі бүкіл әлемді пандемия жайлаған кезеңде президентіміз Қасымжомарт Тоқаев балалар мен жастар спортын нығайту керектігін айтты. Біздің "MAQSAT" мектеп-лицейінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Денешынықтыру мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Білім Атейбекұлы ҚАЛҚАБАЕВ әрбір сабақты қызықты да көңілді өткізуге тырысады. Күн сайын таңертең ол балаларға жаңа күш-қуат, жарқын көңіл-күй сыйлайды.