Ұстазы жақсының шәкірті жақсы!

10 ноябрь, 2020

Біздің "MAQSAT" мектеп-лицейінде тренингтер мен мастер-класстар өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бұл мұғалімдерге тәжірибе алмасуға, командада жұмыс істеуге, оқытудың тәсілдері мен әдістері туралы білімдерін байытуға көмектеседі. Сондай-ақ, жас мамандармен жұмыс жасауда оң тәжірибе жинақталды. Біздің ұжымда жас оқытушы әкімшіліктің, тәжірибелі тәлімгерлердің, әріптес мұғалімдердің үнемі қолдауын сезінеді. Дәл осындай командада нағыз мұғалім қалыптаса алады. Біздің бастауыш сынып мұғалімдері каллиграфиялық жазуды оқыту әдістерін қолданады, қолжазба қояды және әдемі жазуды үйретеді.