Тек жақсы адам ғана жақсы мұғалім бола алады

20 январь, 2021

Қазақстанның үздік математиктерінің бірі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері Қарабалаева Тоқтаркөл Ахметқалиқызы "MAQSAT"мектеп-лицейінде жұмыс істейді.49 жыл бойы балаларға өзінің педагогикалық дарынын беріп келеді. Жұмыс дәптерлерінің, алгебра бойынша тест тапсырмаларының, көптеген әдістемелік құралдардың авторы.
Ол тек талантты мұғалім ғана емес, сонымен қатар жақсы адам – мейірімді, ашық ,жауапты, еңбекқор, адал. Сабақтар әрқашан достық жағдайда өтеді-өте оңай және көңілді. Үнемі жас мамандарға кәсіби тәжірибесімен бөлісуге көмектеседі.