22 октябрь, 2022
"MAQSAT" мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар арасында Республика күніне арналған "Не, Қайда, Қашан?" атты интелектуалдық ойын өтті. Барлық сыныптың оқушылары ойынға белсене қатысты. Қазақстан тарихы туралы түрлі сұрақтарға жауап беріп, пазлдар құрастырды. Оқушылар топтық жұмыстың керемет үлгісін, кең ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін көрсете алды. Жарыс қорытындысы бойынша 2"А" және 3"Б" сыныптары жеңіске жетті. Біз өз оқушыларымызды мақтан тұтамыз