27 июнь, 2023

Міне, 2022-2023 оқу жылы аяқталды. Біреулерге ол мектеп өмірінің ерекшелігімен, біреулерге түрлі деңгейдегі көптеген олимпиадалар мен конкурстармен есте қалды Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен бастауыш сынып оқушылары лайықты марапаттарға ие болды. Үздіктердің үздіктері  "Жылдың үздік оқушысы", "Ең ұқыпты оқушы", "Үздік каллиграфия", "Жас шахматшы", "Ең талантты оқушы" және т. б. номинациялармен атап өтілді.Сондай-ақ, республикалық "Bilgen baige" пәндік олимпиадасының жеңімпаздары медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Оқушыларымыздың жетістіктері "MAQSAT" мектеп-лицейінің шежіресіне мақтанышпен жазылады.