Педагог шеберлігі-педагогикалық қызметтің негізі

08 февраль, 2021

Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы» – деп А.Байтұрсынов айтқан. Нағыз шебер өз шәкіртіне сенім білдіреді, оларға алға жылжуға мүмкіндік береді, өсіп-жетілуіне ықпал етеді. "MAQSAT мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 17 жыл ұстаздық қызмет етіп келе жатқан шебер педагог  Ұлжалғас Мұқанова үнемі педагогтік шеберлігін шыңдауға ұмтылады. Оның шәкірттері республикалық байқаулардың,  олимпиадалардың және халықаралық  жобалардың жүлдегерлері.  Ол жоғары білімді, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, шәкірттерді өзіне тарта алатын нағыз ұстаз.