05 декабрь, 2022
Жүннен киіз басу-бұл керемет терапия, ол балаларды тыныштандырып, стресстен құтқарады. Жүн талшықтары алақан мен саусақтардың нүктелерін ақырын уқалайды, және бұл бүкіл дененің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді. Балалар таңғажайып әсерге ие болып, керемет эмоциялар арқасында керемет өнер туындыларын жасап шығарады. Көркем еңбек сабағында балалар жүннен құрғақ киіз басуды үйренді. Оған көркем еңбек мұғалімі, педагог-психолог Арайлым Нұржанқызы Ысқақова көмектесті. Балалар сабақтан керемет әсерге бөленіп өз қолдарымен кішкентай "шедеврлер"жасады. Әрине, жүннен жасалған мұндай жанды суреттер оларға қуаныш, жылулық пен керемет көңіл-күй сыйлайды.