Біздің мақсатымыз - әр оқушының зияткерлік қабілеттерін дамыту

08 сентябрь, 2021

Оқу процесіне зияткерлік ойындарды енгізу баланың интеллектуалды және жан-жақты дамуына ықпал етеді. Шахмат мидың керемет тренажері ғана емес, сонымен қатар мінезді шыңдайтын ойын. Біздің "MAQSAT" мектеп-лицейінде шахмат ойнау-ежелден келе жатқан дәстүр. Біздің тәрбиеленушілеріміз бірнеше рет аудан мен республиканың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды. Сабақ кестесінде міндетті түрде "шахмат" сабақтары болады. Шахмат бойынша біздің оқытушы - Алмаз Жансагимов, Қазақстан чемпионы, спорт шеберіне үміткер, НСШ Шахмат академиясының төрағасы. 15 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі жаттықтырушы.