Біздің оқушыларымыздың киізден жасаған керемет өнер туындылары

23 декабрь, 2022

Кез-келген шығармашылық баланың зейінін шоғырландырады. Қазіргі уақытта балалардың көпшілігі зейінін шоғырландыруды білмейді, олардың ынтасы жоқ, үнемі алаңдайды. Шығармашылық - бұл терапияның бір түрі. Көбінесе композиция бойынша, түс таңдауы бойынша баланың көңіл-күйін сипаттауға болады. Біздің көркем еңбек мұғалімі, педагог-психолог Арайлым Ысқақова бұған көп көңіл бөледі. Балаларды қоршаған әлемнің сұлулығын көруге, өмірді оның барлық көріністерін сүюге үйретеді.