18 март, 2026
Мектебімізде Наурыз мейрамына орай ұлттық ойындардан мазмұнды әрі қызықты жарыстар ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталды.
Жарыс барысында оқушылар арқан тарту, асық ату және мергендер сайысы сияқты дәстүрлі ойындарда өз шеберліктерін көрсетті. Әр ойын ептілік пен дәлдікті, күш пен ұйымшылдықты талап етіп, қатысушылардың белсенділігін арттырды.
Іс-шара өте тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, достық пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Осындай мерекелік шаралар арқылы біз жас ұрпаққа ұлттық мұраны насихаттап, олардың бойында отансүйгіштік пен ұлттық рухты қалыптастыруды мақсат етеміз.
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Әр шаңыраққа шаттық, береке және бірлік тілейміз!
.jpg)