Наурыз — жаңару мен ізгіліктің мерекесі.

10 апрель, 2026

Бастауыш сынып оқушылары бұл жарқын мерекені ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде атап өтті. Іс-шара жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, мектептің тәрбиелік жұмысының маңызды бөлігіне айналды.

Мереке барысында оқушылар қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетті, ұлттық тағамдардың жасалу тәсілдері туралы айтып берді. Сондай-ақ әсем ұлттық киімдер киіп, ұлттық нақыштағы әндер орындап, көрермендерге әсерлі билер ұсынды.

Шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Ата-аналар балалардың өнері мен мерекенің ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

Біздің мақсатымыз — тек сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен дәстүрге деген құрметті қалыптастыру.