18 апрель, 2025
Бастауыш сынып оқушылары Наурыз мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Шара барысында бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, тақпақтар оқыды. Ұлттық киім киген оқушылар сахнада жарқырап, көрермендердің көңілін бір серпілтті. Мерекелік көңіл-күйге ұстаздар да атсалысып, балалармен бірге би билеп, ерекше атмосфера сыйлады.
Оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, тамаша көңіл көтерді.Атқан тарту, бес тас, тақия ұрмақ секілді ойындарға қызыға қатысып, салт-дәстүріміздің мәнін тереңірек ұғынды.
Мереке соңында әр сыныпта дәмі тіл үйіретін мерекелік дастархан жайылып, балалар Наурыздың басты құндылықтары – сыйластық пен бірлікті сезінді.
Осындай шаралар арқылы оқушыларымыздың бойына ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік дарытады деп сенеміз!
Наурыз – тек дәстүрімізді дәріптейтін емес, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын бекемдейтін тамаша мереке!