Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі

23 сентябрь, 2022

Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында "MAQSAT" мектеп-лицейінде  "Мақал-мәтелдерді бейнелеу және аудару" зияткерлік ойыны өтті.

Ойынға 5-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдерді  оқушылар ым-ишара мен мимика тілінде суреттеп, өзге командаларға түсіндірді. Ал қалған командалар сол мақал-мәтелдерді  тауып, оларды қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудапды. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта алды. Сонымен қатар, командада жұмыс істеу оқушылардың жағдайға тез бейімделуіне мүмкіндік берді. Ойын көптеген жағымды эмоциялар әкелді.