Білім күні - бастауыш сыныптарда!

01 сентябрь, 2022

1 қыркүйек-Білім күні!  Жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушылары үшін мектебіміздің есігі айқара ашылды! Жазғы демалыстарын керемет өткізіп, балалар сүйікті мекптептеріне қайта оралды. Олар сыныптастарымен, сүйікті мұғалімдерімен, сондай-ақ сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен қуана қауышты. Олармен бірге балалар ойнап, би билеп, ән айтты. Білім күнін қарсы алу өте қызықты және көңілді болды. Мектептің бас директоры Гүлгина Әбдірахманқызы Әжібаева мен мектеп директоры Жанна Байғалиқызы Мырзақасымова мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. Білім күні сынып сағаттарымен жалғасты.

1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Оқушылар мен мұғалімдерге 1 қыркүйек қана емес, мектепте өткізілген барлық күндер қуанышты болсын деп тілейміз.