Біздің ең кішкентай оқушыларымыздың үлкен жетістіктері

16 сентябрь, 2021

"MAQSAT" мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлшат Асанова – біліктілігі жоғары деңгейдегі тәжірибелі педагог. Педагогикалық өтілі-17 жыл. Биыл Гүлшат Берікқызы бірінші сынып оқушыларын қуанышпен қарсы алды. Жаңа оқу жылының басталғанына аз ғана уақыт өтсе де ол шәкірттерін тез баурап алды. Гүлшат Берікқызының білім деңгейі мен кәсібилігі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Оның оқушылары Әлисұлтан Құлжабай, Диас Нұрахмет, Ибрагим Мұрат "Өрлеу" педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы мен "Media Bilim" республикалық журналының ақпараттық қолдауымен өткізілетін "Тіл – ұлт қазынасы"педагогикалық іс-шараларына белсенді қатысып, марапатталып та үлгерді.