01 сентябрь, 2021
"MAQSAT" мектеп-лицейінде бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп ұжымы мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерді қарсы алды. Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.Ұстаздар шәкірттерге терең білім беруге және балалар үшін оқу процесін қызықты да танымды етуге дайын. Жаңа оқу жылы барлығына жемісті болсын, шығармашылық пен жетістіктерге толы болсын! Білім күні мерекесі құтты болсын!