25 май, 2022
Бүгін "MAQSAT" мектеп – лицейінің оқушылары үшін ең әсерлі және ұмытылмас мереке – Соңғы қоңырау соғылды, бұл оқу жылын 260 оқушы сәтті аяқтады. Біздің үздіктеріміз және республикалық "Билген бәйге" Олимпиадасында жеңіске жеткен оқушылар, сондай-ақ мұғалімдер мектеп әкімшілігінің Мақтау қағаздарымен марапатталды. Биыл 12 оқушы 11-сыныпты бітірген жас түлектер болып табылады. Мектеп директоры мен әкімшілік және ұстаздар түлектерді салтанатты түрде құттықтап, оларға сәт-сапар тіледі!, Соңғы қоңырау мерекесі оқушылар үшін жарқын және қуанышты естелік болып қалады.