Бастауыш сынып оқушылары Аналар мерекесін сынып сағаттарында ерекше атап өтті. Оқушылар аналарына арнап шағын мерекелік бағдарлама дайындады. Балалар ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. Әрбір өнер нөмірі аналарға деген сүйіспеншілік пен құрметке толы болды. Мерекелік шара барысында аналар балаларының өнерін тамашалап, ерекше әсер алды. Балаларының жетістіктері мен талпыныстарын көрген аналар қуанып, риза болып қайтты.