27 декабрь, 2022

"MAQSAT" мектеп-лицейінің 1"Ә"сыныбы оқушылары бүгін Әліппемен қоштасты. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды. Олар әріптер әлемімен толық танысып, келесі кезеңге қадам басты. Енді балалардың дүниетанымы «Ана тілі» оқулығы арқылы одан әрі кеңейе түспек. Мереке соңында сынып жетекшісі Гұлшат Берікқызы Асанова шәкірттерін дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.