MAQSAT мектеп-лицейіндегі тхэквондо секциясы

05 ноябрь, 2025

Мектебімізде тхэквондо сабағын жоғары санатты жаттықтырушы Бектұров Руслан Байжұманұлы жүргізеді. Ол – тхэквондодан спорт шебері, қара белбеу иегері (I дан), 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы. Руслан Байжұманұлы Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өткен, халықаралық санаттағы сертификатқа ие. Сондай-ақ ол тхэквондодан бөлек, кикбоксинг, тайбокс, бокс және ММА сияқты шығыс жекпе-жек түрлері бойынша да мол тәжірибе жинаған. Оның шәкірттері Қазақстан чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанып жүр.

Тхэквондо – бұл тек спорт емес, жан мен тәннің үйлесімді дамуы.
Сабақтар балаларға:

  • дененің икемділігі мен үйлесімділігін арттыруға,

  • зейін мен төзімділікті дамытуға,

  • ішкі тәртіп пен өзіне сенімділікті қалыптастыруға,

  • шығармашылық және ерік-жігер қасиеттерін жетілдіруге көмектеседі.

Тхэквондо – баланың физикалық және тұлғалық дамуына ықпал ететін ең тиімді бағыттардың бірі, әрі қауіпсіз өзін-өзі қорғау тәсілі.

Секция сабақтары мектеп қабырғасында өткізіледі.