13 октябрь, 2023
"MAQSAT" мектеп-лицейінде 5-11 сынып оқушылары арасында күзгі спорттық ойындар өтті. Спартакиада түрлі спорт түрлерін қамтыды: волейбол, футбол, армрестлинг. Волейбол алаңында командалардың жекпе-жегі қызу тартысты болды. Бұл ойында 9-11 қазақ сыныптарыныі командасы жеңіске жетті. Футбол алаңының да командалар қарсыластарына бір минутқа да демалуға мүмкіндік бермеді. Футбол жекпе-жегінде 7 "А" сынып оқушылары жеңіске жетті. Ал 9 "А" сынып оқушысы Александр армрестлингтен чемпион атанды.