«Күзгі түстер» атты түрлі-түсті кеш

07 ноябрь, 2025

"MAQSAT" мектебінде жарқын да көңілді «Күзгі түстер» атты түрлі-түсті кеш өтті! 

Әр сынып жеребе арқылы өз түсін таңдап алды — қызыл, жасыл, қоңыр, қызғылт сары, сары, күлгін, көк және бордо. Оқушылар өз түстеріне сай әшекейлер, киімдер мен тәттілер дайындап, мектепті нағыз күзгі мерекенің алаңына айналдырды. Балалар түрлі түсті таяқшалармен, доптармен және шарлармен қызықты ойындар ойнады. Бұл ойындар мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлап, ептілік, тапқырлық және командалық рухты көрсетті. Мереке соңында әр түске арналған әуен ойнап, сахнаға сынып жетекшілерімен бірге оқушылар көтерілді. Бұл сәт шын мәнінде қуаныш пен шабытқа толы көрініс болды!Сондай-ақ онлайн олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. Барлығы мерекеден кейін жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.Қызғылт сары және бордо түстеріндегі тәттілер, қызыл бархат торттар, жасыл шарлар мен алмалар, сары және күлгін қалпақтар, қоңыр себеттер — бәрі де біздің мерекемізді ерекше жарқын етті!

«Күзгі түстер» кеші оқушыларға шаттық пен шабыт сыйлаған керемет мереке болды!