17 декабрь, 2024
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай сайыстар мен интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Белсенділік пен білімнің ұштасқан шараларда оқушылар өз қабілеттерін көрсетіп, достық пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Сайыс нәтижелері бойынша:
1-сыныптар арасында достық жеңді;
2-сыныптардан – 2 "Ә" сыныбы;
3-сыныптардан – 3 "Ә" сыныбы;
4-сыныптардан – 4 "Ә" сыныбы жеңімпаз атанды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз! Тәуелсіздік күні құтты болсын!