21 ноябрь, 2022
"MAQSAT" мектеп-лицейінің 6 "А" сыныбында "Тергеуді білгірлер жүргізеді" атты ойын-квест сабағы өтті. Орыс тілі кабинетінде анонимді хат табылды. Хатта: "Менің кабинетімнен құнды зат жоғалып кетті. Осы объектіні іздеу үшін шара қолдануыңызды сұраймын" - деп жазылыпты. Ойынға қатысушылар хат авторын "табу" керек болды. Балалар қысқа уақыт ішінде тергеушілер мен криминалистерге айналды және мұғалімдердің сұрақтарына жауап беріп, әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, тапсырманы шебер орындады. Кім біледі, мүмкін болашақта олардың ішінен заң қызметкерлері шығар.
. . . . .