"Ежелгі Египетке саяхат" тарих сабағы

16 ноябрь, 2023

Тарих-бұл мектептегі ең қызықты пәндердің бірі. Бүгін"MAQSAT" мектеп-лицейінің 5 "А"сыныбында."Ежелгі Египетке саяхат"сабағы өтті. Тарих сабағында оқушылар Ежелгі Египет қоғамының құрылымымен танысу үшін Ежелгі Египетке қызықты саяхат жасады. Балалар перғауындардың қалай билік еткенін, діни қызметкерлер мен дворяндардың кім екенін, хатшылар, жауынгерлер, фермерлер мен қолөнершілер, құлдар және олардың қалай өмір сүргенін білді.