«Chamberlane» ат клубында

23 октябрь, 2025

Біздің мектептің бастауыш сынып оқушылары «Chamberlane» ат клубында болып қайтты. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген 22 түрлі жылқы тұқымын тамашалады — араб, исланд және америкалық асыл тұқымды жылқылар. Сонымен қатар балалар сүйкімді понии мен Али Бабаевич есімді түйемен танысты. Әр жылқының өз есімі мен мінезі бар — Наоми, Джони, Сұлтан және тағы басқалары. Гид әр жануардың тарихын қызықты етіп әңгімелеп берді, оны тыңдау бір ғанибет болды. Балалар жылқыларды сипап, жем беріп, тіпті олармен «сөйлесті» —
жылқылар балалардың сөзін түсініп, бас изеп жауап бергендей болды. Күннің соңында балалар жылқылардың әсем көрсетілімін тамашалады.
Бұл күн балалар мен мұғалімдер үшін ұмытылмас әсер қалдырды