Мектебімізде логопед жұмыс істейді

01 декабрь, 2025

Балаңыздың сөйлеуі қалай?

Мектебімізде білікті логопед жұмыс істейді, және біз оқушылардың дұрыс әрі анық сөйлеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлеміз.

Мектебіміздің логопеді Анял Әбәйқызы бастауыш сынып оқушыларымен жүйелі түрде сабақ жүргізеді. Сабақ барысында оқушылар артикуляциялық жаттығулар орындап, сөйлеуді дамытуға арналған ойын тапсырмаларын орындайды, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, сондай-ақ тілдік және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.

Бұл жұмыстар оқушылардың оқу процесіне тез бейімделуіне, еркін сөйлей білуіне және толыққанды сөйлеу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.