«MAQSAT» мектеп-лицейіне қош келдіңіз!
Біздің миссиямыз – әрбір оқушының әлеуетін ашатын, интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытатын, мақсат қоюды және оны жүзеге асыруды үйрететін орта құру. Біз оқу процесі қызықты әрі тиімді болуын қамтамасыз етеміз, ал әрбір жетістік оқушыға сенімділік пен болашаққа деген ұмтылыс береді.
Білікті ұстаздар тобы әр оқушының таланттарын ашуға бар күшін салады және оларды дамытуға мүмкіндік жасайды. Біз оқушыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз! Оқышыларымыздың олимпиадалар мен конкурстардағы жеңістері, үздік оқу орындары мен халықаралық гранттарға түсуі – біз үшін зор қуаныш!
Ата-аналарды балаларын біздің мектепте оқытуға шақырамын! Бірге біз әрбір оқушының қабілеттерін толық ашып, мақсаттарына сенімді жетуіне көмектесеміз!
Құрметпен,
Гульгина Абдрахмановна Ажибаева