Мектеп оқушылары математика, информатика, химия және өзге де пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді. Түлектеріміз ҰБТ-ны жоғары нәтижемен тапсырып, білім гранттарын жеңіп алып жүр. Біздің оқушылар бүгінде НИШ, РФММ секілді беделді мектептерде, Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттерінде білім алуда.