Бастауыш сыныпта ең маңызды тұлға — ұстаз. Халық арасында «Бастауышта алдымен мұғалімді, содан кейін мектепті таңдайды» деп бекер айтылмайды. Себебі алғашқы ұстаз баланың білімге деген қызығушылығын қалыптастырып қана қоймай, айналасындағы адамдарға және өз-өзіне деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Біздің бастауыш сыныптарымызға 0–4 сыныптар кіреді. Бала 0 сыныптан бастап робототехника мен ағылшын тілін үйренеді, бұл олардың болашақтағы дағдыларын дамытуға және өзіне сенімді болуға мүмкіндік береді.