Нет записей для отображения в этом виде.
3 «А» сынып оқушысы Саид Диасұлын футзалдан республикалық жарыста лайықты 2 орын алуымен құттықтаймыз!
Биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1 "Ә" сыныбының оқушылары 1-тоқсанды сәтті аяқтады! Айзат Асанқызының математика сабағында балалар ерекше тәсілмен білім алуда
Біздің 3 және 4 сынып оқушылары Мемлекеттік Орталық мұражайға қызықты саяхат жасады!
Біздің мектепте робототехника сабағы ерекше өтеді! Жас та дарынды ұстазымыз Ернұр Наметіллә, өзінің жаңашыл әдістерімен балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруда.
Біздің мақтанышымыз, 5 "А" сынып оқушысы Нуратдинова Сафина, кезекті жеңісімен қуантты!
Бүгін бастауыш сынып оқушылары арасында керемет Күзгі бал өтті! Белсенді қатысушылар мектеп ұжымынан арнайы сыйлықтар алып, қуанышқа бөленді.
Біздің дарынды оқушыларымыз тағы да таң қалдырды! Олар керемет күзгі қолөнер бұйымдарын жасап, күзгі мотивтерге негізделген костюмдер көрсетілімін өткізді.
Ұлағатты ұстазымыз, математика пәнінің білгірі Тоқтаркүл Ахметқалиқызы Қарабалаева ҚР Білім министрлігінің "Құрмет" грамотасымен марапатталды!
Бүгін "MAQSAT" мектеп-лицейінде ерекше күн болды! Мектебіміздің басшылығы өз ісіне адал, білімді шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздарымызды құрметтеп, марапаттады.
Біздің 4"Ә" сынып оқушысы Қайсар Мәди, 4"А" сынып оқушысы Көбегенұлы Ахмет, 3"Ә" сынып оқушысы Исламғожа Нұрбек және 3"А" сынып оқушысы Мәлкей Жәңгір олимпиаданың аудандық кезеңіне өтті.